Adana Adıyaman Afyon Ağrı Aksaray Amasya Ankara Antalya Ardahan Artvin Aydın Balıkesir Bartın Batman Bayburt Bilecik Bingöl Bitlis Bolu Burdur Bursa Çanakkale Çankırı Çorum Denizli Diyarbakır Düzce Edirne Elazığ Erzincan Erzurum Eskişehir Gaziantep Giresun Gümüşhane Hakkari Hatay Iğdır Isparta İstanbul İzmir K.Maraş Karabük Karaman Kars Kastamonu Kayseri Kırıkkale Kırklareli Kırşehir Kilis Kocaeli Konya Kütahya Malatya Manisa Mardin Mersin Muğla Muş Nevşehir Niğde Ordu Osmaniye Rize Sakarya Samsun Siirt Sinop Sivas Şanlıurfa Şırnak Tekirdağ Tokat Trabzon Tunceli Uşak Van Yalova Yozgat Zonguldak
Konya °C

Президент «Жаһандық Оңтүстік дауысы» виртуалды саммитіне қатысты

Президент «Жаһандық Оңтүстік дауысы» виртуалды саммитіне қатысты
REKLAM ALANI
14.01.2023
A+
A-

 

 

 

Жаңалықтар

Ақорда

Президент «Жаһандық Оңтүстік дауысы» виртуалды саммитіне қатысты

2023 жылғы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модидің шақыруымен «Жаһандық Оңтүстік дауысы» виртуалды саммитіне қатысты. Бұл жиын «Бір дауыс, бір мақсат» ұранымен өтті.

Президент сөзінің басында осы маңызды форумға шақырғаны үшін Премьер-министр Нарендра Модиге алғыс айтты. Сондай-ақ Үндістанды биыл «Үлкен жиырмалыққа» (G20) төрағалығының басталуымен құттықтады. Сондай-ақ Қазақстанда Үндістан төрағалығын Нью-Делидің жаһандық беделі мен ықпалының әлемдік қоғамдастық тарапынан лайықты мойындалғаны деп қарастыратынын атап өтті.

 

Президент әлемде болып жатқан дағдарыстар орнықты дамуды қамтамасыз ету және климаттың өзгеруіне қарсы күрес жөніндегі 2015 жылы келісілген шараларға кедергі келтіріп отырғанын мәлімдеді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның өзара диалог пен жаһандық деңгейдегі ортақ мүддені іздеу арқылы туындаған проблемаларды шешуге ниетті екенін растады.

Мемлекет басшысы форумда сөйлеген сөзінде бірқатар маңызды міндетке назар аударды. Атап айтқанда, Президент барлық елді Орнықты даму мақсаттарына (ОДМ) қол жеткізу үшін күш біріктіруге шақырды. Оның пікірінше, ОДМ-ды жүзеге асыру ісі жекелеген мемлекеттер деңгейінде ғана емес, өңірлік және жаһандық деңгейде де бірлескен күш-жігерді талап етеді.

– Сондықтан Қазақстанда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін ОДМ жөніндегі БҰҰ-ның Өңірлік орталығын ашу қажет деп санаймыз. Мұндай орталық БҰҰ-ның өңірдегі жобалық қызметін барынша тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Президент климаттың өзгеруіне қатысты мәселеге де тоқталды. Мемлекет басшысы әлемдегі орташа деңгеймен салыстырғанда температура Орталық Азияда тез көтерілетінін атап өтті. Соңғы бірнеше жылда Орталық Азия аймағының бес елінде қатты қуаңшылық болды. Оның пікірінше, климаттың өзгеруі халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайта түсуді қажет етеді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев су саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне де тоқталды. БҰҰ есебіне сәйкес, климаттың өзгеруі салдарынан жер бетінде 5 миллиардтан астам адам ауызсуға зәру болуы мүмкін. Президент су тапшылығы мен тұрақсыздықтың белең алуы мемлекеттердің азық-түлік, энергетикалық және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кері әсерін тигізеді деп санайды. Бұдан бөлек, экономикалық, геосаяси шиеленіс және тұрақсыздық күшейіп келеді. Түптеп келгенде, оның салдары бүкіл әлемдегі, әсіресе қуаңшылыққа жиі ұшырай бастаған Жаһандық Оңтүстіктегі қауіпсіздікке қатты әсер етуі мүмкін.

– Осыған байланысты мен су ресурстарын тиімді әрі әділ пайдалануға септігін тигізетін су технологияларын өзара бөлісу үшін айрықша құқықтар мен преференциялар жүйесін енгізуді ұсынамын, – деді Президент.

 

Мемлекет басшысы дүниежүзілік азық-түлік тапшылығымен күресте Қазақстан өзінің ауыл шаруашылығы әлеуетін одан әрі пайдалануға ниетті екенін мәлімдеді. Оның пікірінше, азық-түлік пен тыңайтқыштардың халықаралық саудасына санкция салынбауы және басқа да шектеулер қойылмауы керек.

Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік, тыңайтқыштар мен медициналық бұйымдардың жаһандық жеткізу тізбегіне саясатты араластырмау жөніндегі Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модидің үндеуін қолдады.

Президент қазіргі геосаяси ахуал жағдайында сенімді әрі әртараптандырылған жаһандық транзит пен көлік инфрақұрылымының маңызы арта түскенін атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан көлік бағыттарын әртараптандыру жұмыстарын жүргізіп, Транскаспий халықаралық көлік дәлізін (Орта дәліз) белсенді дамытып келеді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы пандемия қаупі мен биологиялық қатерді азайтуға бағытталған жаңа бірлескен шаралар қабылдау өзекті екенін жеткізді. Осыған байланысты Президент бұған дейін ұсынған Биологиялық қауіпсіздік жөнінде халықаралық агенттік құруға қатысты бастамасын тағы да еске салды.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзінің соңында Қазақстан серіктестермен инклюзивті, көпжақты негізде және ізгі ниет рухында ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін атап өтті.

Саммитке Қазақстан Президентімен қатар Азия, Африка және Латын Америкасындағы бірқатар елдің басшылары қатысты.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://akorda.kz/kz/prezident-zhahandyk-ontustik-dauysy-virtualdy-sammitine-katysty-1303321

 

 

REKLAM ALANI