Adana Adıyaman Afyon Ağrı Aksaray Amasya Ankara Antalya Ardahan Artvin Aydın Balıkesir Bartın Batman Bayburt Bilecik Bingöl Bitlis Bolu Burdur Bursa Çanakkale Çankırı Çorum Denizli Diyarbakır Düzce Edirne Elazığ Erzincan Erzurum Eskişehir Gaziantep Giresun Gümüşhane Hakkari Hatay Iğdır Isparta İstanbul İzmir K.Maraş Karabük Karaman Kars Kastamonu Kayseri Kırıkkale Kırklareli Kırşehir Kilis Kocaeli Konya Kütahya Malatya Manisa Mardin Mersin Muğla Muş Nevşehir Niğde Ordu Osmaniye Rize Sakarya Samsun Siirt Sinop Sivas Şanlıurfa Şırnak Tekirdağ Tokat Trabzon Tunceli Uşak Van Yalova Yozgat Zonguldak
Konya °C

Мемлекет басшысы Германияның экономикалық делегациясын қабылдады

Мемлекет басшысы Германияның экономикалық делегациясын қабылдады
REKLAM ALANI
07.09.2022
A+
A-

 

 

 

Жаңалықтар

Ақорда

Мемлекет басшысы Германияның экономикалық делегациясын қабылдады

2022 жылғы

Кездесу барысында Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы Германия Үкіметі мен бизнесі өкілдеріне ілтипат білдіре отырып, еліміз энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, білім, ғылым және техникалық бағыттағы кадрларды даярлау сияқты негізгі салалар бойынша серіктестікті тереңдетуге мүдделі екенін атап өтті. Қазіргі уақытта Үкімет 800 әлеуетті инвестициялық жобадан құралған жобалар пулын әзірледі. Сондай-ақ Қазақстан Германия компанияларын елімізге тарту үшін қолайлы жағдай жасауға дайын.

– Германия – Қазақстанның Еуропа Одағындағы ең маңызды серіктесі. Қазақстанда Германия капиталының үлесі бар 600-ден астам кәсіпорын табысты жұмыс істеп жатыр. Сауда-саттықты арттырып, инвестиция көлемін ұлғайту үшін мол әлеует бар, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Сонымен қатар Президент Германияның техникалық мамандықтар бойынша кадр даярлау тәжірибесіне қызығушылық білдірді. Атап айтқанда, Қазақстан отандық мамандардың деңгейін көтеру үшін Германияның техникалық институттары өкілдіктерін, зертханаларын, ғылыми және құзырет орталықтарын ашу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Делегация басшысы Қазақстан мен Германияның үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Доминик Шнихельс екі елдің мемлекеттік органдары мен бизнес құрылымдары арасындағы іс-әрекет деңгейіне жоғары баға берді. Сондай-ақ ол германиялық компаниялармен жұмыс істейтін Үкіметтегі арнаулы топтың тиімділігін атап өтті. Делегация өкілдері неміс бизнесі Транскаспий көлік дәлізін дамытуға, кен орындарын игеруге және энергетикалық сектордағы ынтымақтастықты нығайтуға қызығушылық білдіретінін жеткізді.

 

Кері қайту Кері қайту

 

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-germaniyanyn-ekonomikalyk-delegaciyasyn-kabyldady-682227

 

 

REKLAM ALANI
YORUMLAR

Henüz yorum yapılmamış. İlk yorumu yukarıdaki form aracılığıyla siz yapabilirsiniz.